ҚҰПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ COOKIE ФАЙЛДАРЫН БАСҚАРУ САЯСАТЫ

FRANKE Holding AG және оның еншілес компаниялары (бұдан әрі бірігіп «FRANKE», «Компания» немесе «біз» деп аталады) сіздің құпиялығыңызды қорғау принципін бұлжытпай ұстанады. FRANKE біздің өнімге және біздің сайтқа деген сіздің қызығушылығыңызды бағалайды. Сіздің құпиялығыңыз біз үшін маңызды, және біздің веб-сайтқа кірген кезде сіз өзіңізді жайлы сезінуіңізді қалаймыз. Біздің веб-сайтқа кірген кездегі жиналған дербес деректер, құқықтық ережелерге сәйкес бізбен өңделеді. Осы «Құпиялық саясатында («Құпиялық саясат») біз Сізді біздің қауіпсіздік шаралар туралы хабардар еткіміз келеді.

1. БАҚЫЛАУШЫ

Бақылаушы, Деректерді қорғау туралы жалпы ереженің («GDPR») немесе кез келген басқа қолданылатын заңның мағынасы бойынша, - ол туралы ақпарат веб-сайттың шығыс деректерінде жарияланған Franke компаниясы болып табылады.

2. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР

Дербес деректер - сәйкестендірілген немесе сәйкестендірілетін жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпарат; сәйкестендірілетін тұлға - тікелей немесе жанама түрде, әсіресе аты, сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жеру туралы деректер сияқты сәйкестендіргішпен, онлайнды сәйкестендіргішпен, немесе жеке тұлғаның физикалық, физиологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдени немесе әлеуметтік сәйкестілігін білдіретін бір немесе бірнеше функция арқылы сәйкестендірілуі мүмкін кез келген жеке тұлға. Мұнда, сіздің атыңыз және тегіңіз, мекенжайыңыз және электронды пошта мекенжайы, сіздің телефон нөміріңіз немесе сіздің туылған күніңіз сияқты ақпарат кіреді. Дербес деректер кез келген нысанда берілуі мүмкін (мысалы, қағаз тасымалдауышта, электронды пішімде, бейне және аудио тасымалдағышта). FRANKE компаниясы, бізбен өңделіп жатқан барлық дербес деректер адал және заң жүзінде өңделуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолдануға міндеттенеді. Біздің барлық қызметкерлеріміз, деректерді өңдеушілер және дербес деректерге қолжетімділігі бар бөгде қызмет жеткізушілері, дербес деректердің құпиялығын сақтауға және осы Құпиялық саясатын сақтауға міндетті. Біз дербес деректерді, өнімдер мен қызметтерге тапсырыс беру, өтінім беру, тапсырыс беріп жатқан өнімдер турал өтінім беру шеңберінде және сіз бізге ақпарат беруді шешкен ұқсас жағдайларда, тек сіз оларды бізге тіркеу, нысандарды немесе электронды пошта деректерін толтыру жолымен берген кезде ғана жинаймыз.

Деректер қоры және оның құрамы FRANKE-де қалады немесе біздің атымыздан әрекет ететін және біздің алдымызда жауап беретін деректерді өңдеушілерде және серверде қалады.

Біз сіздердің бізге берген кез келген дербес деректердің қолданылуын бақылауды сақтаймыз және жауапкершілік аламыз. Осы деректердің кейбіреулері, АҚШ сияқты басқа құзыретте орналасқан компьютерлерде сақталуы немесе өңделуі мүмкін, олардың деректерді қорғау туралы заңы сіздің өмір сүріп жатқан құзырет заңдарынан өзгеше болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, осы елдегі деректер өңдеушісі, сіз өмір сүріп жатқан елде қолданатын қорғанысқа ұқсас деректердің қорғанысын қамтамасыз етуін талап ететін қорғаныс құралдарының болуына біз кепілдік береміз.

3. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗ

Сіз біздің сайтты, өзіңіздің дербес деректеріңізді жария етпестен қолдана аласыз. Сіз өзіңіз туралы жеке ақпаратты біздің веб-сайтты пайдалану шарты ретінде ұсынуға міндетті емессіз, егер бұл сізге өнім немесе қызмет немесе сіздің өтініміңіз бойынша біздің веб-сайтпен байланысу үшін қажет болған жағдайларды санамағанда. Төменде, біз сіздердің дербес деректеріңізді біздің сайтта қалай жинаймыз, өңдейміз және пайдаланатынымыз туралы сипатталған:

a)    Біздің веб-сайтқа кірген кездегі деректер

Сіз біздің веб-сайтты қолданған кезде, деректер біздің веб-сайтпен қарым-қатынас жасауыңыз үшін немесе дұрыс емес кіруді болдырмау, ақаулықтарды жою немесе тестілеу сияқты қауіпсіздік мақсаттарында өңделуі мүмкін. Біз жинайтын деректер, сіздің интернет-провайдеріңіздің атауын, біздің веб-сайтқа сілтеме жасау үшін Сіздің пайдаланған веб-сайтты, сіздің кірген күніңіз және уақытыңыз, сіздің біздің веб-сайттан кіретін басқа веб-сайттарды, және сіздің IP-адресіңізді қамтуы мүмкін. Бөл өңдеу біздің қызметтерді ұсыну үшін қажет немесе біздің хабарламаларды өңдеуге заңды мүдделілігімізге негізделген. Біз бұл сіздің мүддеңіз үшін деп болжаймыз, себебі веб-сайт бұл байланыссыз көрсетіле алмайды. Сіз кез келген уақытта себептерін түсіндірместен, сіздің деректеріңіздің өңделуінен бас тарта аласыз, және бұл бас тарту болашақта ескерілетін болады. Дегенмен, біз сіздің дербес деректеріңізді өңдеу, тіпті сіз веб-сайтқа өңдеуден бас тарту берілгеннен кейін де сіздің дербес деректеріңізді өңдеу орын алуы мүмкін екендігін ескерткіміз келеді, себебі веб-саттың жекелеген пайдаланушылары үшін немесе тұтастай алғанда техникалық себептер бойынша қажетті тексеруді тоқтату мүмкін емес. Осылайша, сіздердің мүдделеріңіз, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қарамастан өңдеуге дәлелді негіздер бар. Егер сіз жоғарыда сипатталған өңдеудің болуын қаламасаңыз, біздің веб-сайтқа кіруді тоқтатыңыз. Мұндай деректер, егер қауіпсіздікпен байланысты оқиға құжатты зерттеу үшін ұзақ сақтауды талап етпеген жағдайда, сеанстан кейін жойылады.

b)    Клиенттің тіркеулік жазбасын теңшеуге арналған деректер

Егер сіз біздің веб-сайтта клиенттің тіркеулік жазбасын жасасаңыз, сізбен ұсынылған дербес деректер (мысалы, аты, мекенжайы, электронды пошта мекенжайы, телефон, рұқсаттың атауы және деректері) FRANKE клиенттердің деректер қорында сақталады және өңделеді. Бұл деректер шарт немесе шарттың алдындағы шараларды орындау үшін өңделеді. Сіз кел келген уақытта өз клиентіңіздің тіркеулік жазбасын, себептерін түсіндірместен, төменде көрсетілген байланыс мекенжайына жүгіне отырып, деактивациялай аласыз және/немесе болашақта осы мақсаттар үшін сіздің дербес деректеріңізді сақтаудан және пайдаланудан бас тартуыңызға болады. Өңдеуден бас тартқан жағдайда, біз шұғыл түрде сіздің дербес деректеріңізді жоямыз. Клиенттің тіркеулік жазбасын деактивациялаған жағдайда біз сондай-ақ сіздің тіркеулік жазбаңызды жоямыз.

c)    Сіздің байланыс деректеріңіз байланыс нысаны арқылы немесе электронды пошта мекенжайы арқылы

Егер сіз бізге жүгінетін болсаңыз (мысалы, байланыс нысаны немесе электронды пошта арқылы), сіз байланыс нысаны түрінде бізге ұсынған сіздің дербес деректеріңіз, FRANKE-де сақталады және өңделеді. Байланыс нысанында қандай деректер көрсетілетінін тиісті байланыс нысанынан көруге болады. Бұл деректер тек қана сіздің сауалыңызға жауап ретінде және/немесе байланыс орналастыру үшін және тиісті техникалық әкімшілік үшін сақталады немесе қолданылады. Осы деректерді өңдеу шартты немесе шарттың алдындағы шараларды орындау үшін жүргізіледі, немесе өңдеулер сіздің мүдделеріңізді бұзбастан біздің заңды мүддемізде, себебі бұл сауалдарды өңдеу - біздің ортақ мүддемізде.

Тілектің өңделуі аяқталғаннан кейін, егер заңмен белгіленген ескіру мерзімі немесе жарғылық шектеулер болған жағдайда немесе сот талаптарын беру, жүзеге асыру немесе қорғау үшін кейінгі сақтапу қажет болған кезде ғана біз хат алмасауды жүргіземіз.

d)    Жіберілімдерге жазылу деректері

Егер сіз біздің жіберілім қызметінде тіркелсеңіз, сіздің дербес деректеріңіз (мысалы, атыңы, мекенжайыңыз және электронды поштаңыздың мекенжайы) сақталады және маркетинг, жарнама немесе ілгерілету үшін FRANKE-де өңделеді. Бұл деректерді өңдеу сіздің келісіміңізге негізделген немесе шартты орындау мақсаттарында жүзеге асырылады. Бұл жағдайда, біз сізге жүйелі түрде, FRANKE өнімдерімен, қызметтерімен, ұсыныстарымен немесе оқиғаларымен байланысты қызметтер мен өнімдер туралы жарнамалық ақпаратты жіберетін боламыз. Сіз болашақта кез келген уақытта, себебін түсіндірместен, бізбен төменде көрсетілген байланыс мекенжайына байланыса отырып немесе жіберілімде көрсетілген жазылымнан бас тарту опциясының көмегімен жіберілімнен бас тарта отырып, мұндай жіберілімдерді алудан бас тарта аласыз. Сіз жазылымнан бас тартқаннан кейін, сіздің электронды поштаңыздың мекенжайы біздің жаңалықтарды жіберу тізімінен шұғыл түрде алынып тасталады, біздің сақтауға заңды құқығымыз бар бас тартулар базасындағы көшірмелерді санамағанда, сол себептен біз сізге енді жіберілімдердің келмейтіндігіне кепілдік бере аламыз.

e)    Ақпаратты ашу

Осы Құпиялық саясатын және басқа келісімдерді ұстану немесе қолдану үшін немесе FRANKE, біздің клиенттер немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, меншігін немесе қауіпсіздігін қорғау үшін, біз сіздің құпия ақпаратыңызды үшінші тұлғаларға аша аламыз . Бұл, алаяқтықтан қорғану және кредиттік тәуекелді төмендету мақсатында немесе тапсырыс берілген өнімге төленетін төлемді өңдеу үшін біздің интернет-дүкендегі банктік институтпен ұсынылатын өзге компаниялар және ұйымдармен ақпарат алмасуды қамтиды. Біз сонымен қатар, қайсыбір заң немесе қаулы, нормативті-құқықтық талап еткендей, дербес деректерді мемлекеттік органдарға бере аламыз. Мұндай ашу, заңды міндеттемені ұстану немесе қоғамның мүддесіне орындалатын міндетті орындау үшін талап етілуі мүмкін, немесе біздің заңды мүдделерімізге немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне негізделуі мүмкін. Соңғы жағдайда, сіз мұндай пайдалануға наразылық білдіруіңізге болады, дегенмен егер біз сіздің мүдделеріңізді, құқықтарыңыз бен бостандығыңызды өзгертетін дәлелді заңды негіздерді көрсете алсақ, егер бұл заңды талаптарды ұсыну үшін немесе қорғауды жүзеге асыру үшін талап етілген жағдайда, біз деректерді өңдей аламыз.

4. COOKIES ФАЙЛДАРЫН ҚОЛДАНУ

4.1 жалпы

4.2. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДАН АЛЫНҒАН САУАЛ

Кей кездері біздің веб-сайтта өткізілетін, пайдаланушыларға қойылатын сауалдарға қатысу еркін түрде өтеді. Біз пайдаланушылар арасында сауал өткізу үшін, функционалды cookies пайдаланамыз. Пайдаланушылардан сауал алу барысында жазып алынған техникалық ақпарат, пайдаланушылардың веб-сайтқа кірген кезде тіркелетін ақпарат болып табылады (жоғарыдан қара). Пайдаланушыларға сауал қою кезінде жіберілген сіздің IP-адресіңіз сияқты жеке деректеріңізбен байланысты болмайды. 

5. ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ НЕМЕСЕ БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТТАҒЫ КОНТЕНТ

Біз, біздің веб-сайтта бөгде қызметтерді және/немесе контентті ұсынамыз. Сіздер осындай бөгде сервистерді пайдаланған кезде немесе бөгде Контент көрсетілген кезде, техникалық себептерге байланысты, сіз бен тиісті провайдердің арасында деректермен алмасу орын алады. FRANKE, осы веб-сайттарды басқаратын үшінші тараптардың не веб-сайттарына, не құпиялық саясатына бақылау жүргізбейді. Веб-сайттардың бөгде жеткізушілерінің құпиялық тәжірибесі FRANKE-ден өзгеше болуы мүмкін, со себептен біз үшінші тараптардың веб-сайттары бойынша қайсыбір кепілдіктер бере алмаймыз. Бұл веб-сайттарға қайсыбір жеке деректерді жіберудің алдында келесі ережелермен танысып шығыңыз.

Тиісті қызмет немесе контенттің жеткізушісі өзінің жеке қосымша мақсаттары үшін сіздің деректеріңізді өңдей алады. Біздегі бар мәліметтерді ескере отырып, біз өз мақсаттарымыз үшін деректерді өңдеуден өткізетін сервистер мен провайдерлердің контенттерін теңшедік, осылайша, басқа мақсаттардағы кез келген хабарлама, олардың сервистерін немесе контенттерін біздің веб-сайтта ұсынуына қарағанда, бұғатталады, ал хабарлама егер сіз тиісті сервисті пайдалануды шешкен жағдайда ғана орнатылады. Дегенмен, біз үшінші тұлғалармен жиналған және өңделген деректерді бақыламағандықтан, біздің сіздердің деректеріңіздің осындай өңделу мақсаттары мен ауқымы туралы міндетті ақпарат беруге қауқарымыз жоқ.

a)    Веб-сайттар:

Біздің сайт біздің желі әріптестеріміздің, дилерлердің, филиалдар мен басқа үшінші тараптардың веб-сайттарына сілтемелер орналастыра алады. Сілтемелерге рұқсат алғаннан кейін, FRANKE сайты автоматты түрде жабылады. FRANKE, осы веб-сайттарды басқаратын үшінші тараптардың не веб-сайттарына, не құпиялық саясатына бақылау жүргізбейді. Веб-сайттардың бөгде жеткізушілерінің құпиялық тәжірибесі FRANKE-ден өзгеше болуы мүмкін, со себептен біз үшінші тараптардың веб-сайттары бойынша қайсыбір кепілдіктер бере алмаймыз. Бұл веб-сайттарға қайсыбір жеке деректерді жіберудің алдында келесі ережелермен танысып шығыңыз.

b)    Әлеуметтік плагиндер:

FRANKE келесі Facebook, Google +, LinkedIn және Twitter сияқты әлеуметтік желілердің әлеуметтік плагиндерін («батырмаларын») пайдаланады. Сіз біздің веб-сайтқа кірген кезде, бұл батырмалар әдепкі қалпы бойынша деактивацияланады, яғни сіздің қатысуыңсыз, олар тиісті әлеуметтік желілерге қайсыбір деректерді жібермейді. Сіз осы батырмаларды пайдаланудың алдында, сіз оларды баса отырып іске қосуыңыз керек. Олар осыдан кейін, сіз оларды қайтадан өшіргенше немесе cookies алып тастағанша белсенді күйінде қала береді («Cookies» жүгінуді сұраймыз).

Оларды іске қосқаннан кейін, тиісті әлеуметтік желінің серверіне тікелей сілтеме орнатылады. Батырманың құрамы содан кейін, әлеуметтік желіден тікелей сіздің браузерге беріледі және веб-сайтта оған қосылады. Батырманы іске қосқаннан кейін, әлеуметтік желі сіздің батырмаға өзара әрекет жасаған, жасамағаныңызға қарамастан деректерді ала алады. Егер сіз әлеуметтік желіге кірсеңіз, желі сіздің келуіңізді өзінің тіркелу жазбасындағы сайтқа тіркеуі мүмкін. Әлеуметтік желі, сіз тиісті батырманы іске қоспайынша, FRANKE-дің басқа сайттарына кіруді тіркей алмайды.

Егер сіз әлеуметтік желі пайдаланушысы болсаңыз және біздің сайтқа кірген кездегі алынған деректерді өзіңіздің пайдаланушылық деректеріңізбен біріктіргіңіз келмесе, сіз батырманы қосудың алдында әлеуметтің желіден шығуыңыз керек.

Біз әлеуметтік желілер батырмасы арқылы жиналған деректер көлемін бақыламаймыз. Әлеуметтік желілердің деректерін пайдалану ережелерімен олармен жиналатын деректердің мақсаты мен көлемі, осы деректерді өңдеу және пайдалану тәсілдері, сіз өз құпиялығыңызды қорғау үшін пайдалана алатын қолжетімді құқықтар мен теңшеулер туралы ақпаратты беру көзделген.

Сіздің деректеріңізді осындай жинау және өңдеудің көлемі мен мақсаттарына қатысты қосымша ақпарат алу үшін, біз қызметтері және/немесе контентін қосқан және осы мәнмәтінде сіздің деректердің қорғалуына жауапкершілік артатын жеткізушілердің құпиялық туралы хабарламасымен танысып шығуды сұраймыз.

6. БӨГДЕ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУШІЛЕР

Егер бұл шартты орындаудың қажетті шарты болып табылмаған жағдайда, тиісті құқықтық ережелермен рұқсат етілмесе немесе сіз тиісті келісімді бермеген жағдайда, біз үшінші тараптарға қайсыбір жеке деректерді бермейміз. Сонымен бірге FRANKE, біздің атымыздан қайсыбір белгілі міндеттерді орындау үшін басқа компаниялармен немесе жеке тұлғалармен («Деректерді өңдеушілер») келісім-шарттар жасай алады. Сонымен бірге, біз деректерді өңдеушілерге жеке деректерге рұқсат беруіміз талап етілуі мүмкін. Біздің процессорлар жеке деректердің құпиялығын сақтауға міндетті және ақпаратты, FRANKE белгіленген мақсаттарға қарағанда, кез-келген басқа мақсаттарға пайдалануға тыйым салады. Деректерді өңдеушілердің міндеттеріне іскери әріптестердің немесе қосалқы мердігерлердің алдында техникалық қызметтерге, төлемдер мен жеткізулерге қатысты, кредиттік тәуекелді төмендету және алаяқтықтан қорғау, провайдерлердің аналитикаларын беру, іздеу деректері мен топішілік өңдеу провайдерлеріне қатысты міндеттері жатады. Олардың тиісті қызмет үшін қажетті жеке деректерге қолжетімділігі болады. Әсіресе, Деректердің өңдеушілеріне басқа мақсаттар үшін жеке деректерді өңдеу немесе пайдалануға тыйым салынған.

Біз, біздің Өңдеушілерге жарияланатын дербес деректердің тиісті қорғалуын қамтамасыз ету үшін, және біздің Өңдеушілердің қолданыстағы деректерді қорғау туралы заңға сәйкес дербес деректерді қорғауға арналған жеткілікті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық рәсімдері болуын қамтамасыз ету үшін келісім-шарт бойынша немесе басқа жолмен тиісті шаралар қолданамыз. 

7. ҚАУІПСІЗДІК

FRANKE-бұл заңды тұлғалары, бизнес-үдерістері, басқару құрылымдары және шекаралары жоқ техникалық жүйелері бар халықаралық ұйым. Сол себептен, біздің құпиялықты қамтамасыз ету әдістеріміз, бүкіл әлемде дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін арналған. FRANKE саясаты, FRANKE пікірі бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін ақпаратты білуге немесе оған қолжетімділігі болуына заңды мұқтаждығы бар өкілетті қызметкерлерге, агенттерге, мердігерлерге, ұйымдарға және өңдеушілерге ғана дербес деректерді алуға рұқсат беруде болып табылады. FRANKE Сізбен ұсынылған және бізбен басқарылатын деректерді бұрмалаудан, жоғалтудан, жойылудан және үшінші тұлғалардың қолжетімділігінен қорғау үшін қауіпсіздіктің техникалық және ұйымдастырушылық шараларын қолданады. Біздің қауіпсіздік шараларымыз технологиялық жетістіктерді ескере отырып, үнемі жетілдіріле түседі.

Егер біз сізге біздің веб-сайттардың белгілі бір бөліктеріне рұқсат алуға мүмкіндік беретін құпиясөз ұсынылған жағдайда (немесе сіз таңдап алсаңыз), сіз ол құпиясөздің сақталуына жауап бересіз. Біз сізден бұл құпиясөзді ешкімге бермеуді сұраймыз.

8. ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ

Егер нақты сақтау мерзімдері қарастырылмаған жағдайда, келесі жалпы ережелер қолданылады:

Сіздің деректер, олардың тағайындалуы бойынша қажеттілігі тоқтатылған сәттен бастап немесе егер сіз өз келісіміңізді қайтарып алсаңыз немесе заңды мүдделердің негізінде пайдаланудан бас тартсаңыз, және егер біздің оларды сақтауға ешқандай заңды негізіміз болмаған жағдайда жойылатын болады. Кейбір жағдайларда ұзағырақ сақтау мерзімдері қолданылуы мүмкін, себебі біз заң бойынша сақтауға міндеттіміз(мысалы, салық және коммерциялық құқық бойынша), немесе деректер құқықтық талаптарды жүзеге асыруға немесе қорғауға қажет болған жағдайда. 

9. СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІҢІЗ

Еуропалық жалпы деректерді қорғау туралы ережесіне сәйкес немесе сізге қатысты қолданылатын ұқсас заңға сәйкес, сіз келесі құқықтардың барлығын немесе кейбіреуін қолдана аласыз:

1. (i) сіздің дербес деректерді сақтау туралы ақпаратты және (ii) өңдеу мақсаттары, тиісті дербес деректердің санаттары және деректерді алушыларды, сондай-ақ әлеуетті сақтау мерзімдерін қоса алғанда, сіздің дербес деректеріңізді сақтауды және / немесе қосарлауды талап етуге;

2. сіздің дербес деректеріңізді жөндеуді, жоюды немесе шектеуді талап етуге, мысалы, себебі (i) олар толық емес немесе нақты емес, (ii) олар өздері жиналған мақсаттар үшін бұдан былай қажет емес, немесе (iii) негізінде өңдеу жасалған келісім кері қайтарып алынған;

3. беруден бас тарту және- – сіздің бас тартуыңызға дейін орын алған оқиғалардың деректерін өңдеу үшін ешбір салдарсыз - кез келген уақытта сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге өз келісіміңізді қайтарып алу;

4. кез келген уақытта беруден бас тарту және, осындай қайтарып алуға дейін орын алған деректерді өңдеу бойынша қызметке залал келтірместен, сіздің дербес деректерді өңдеуге өзінің келісімін қайтарып алу;

5. (i) сіз бізге құрылымдалған, кең қолданылатын және машинамен оқылатын пішімде берген сізге қатысты дербес деректерді алу және қайтадан пайдалануды және (ii) осы деректерді біздің тараптан ешбір кедергісіз басқа бақылаушыға беруді талап ету; егер бұл техникалық тұрғыдан мүмкін болса, сіздің дербес деректерді тікелей бізден басқа бақылаушыға табыстауға құқыңыз бар.

Дербес деректерді өңдеуден бас тарту құқығы:

Сіз, нақты жағдайларға байланысты, сіздің дербес деректеріңізді өңдеуден бас тартуға құқығыңыз бар. Бұл жағдайда сізден, сіздің нақты жағдайыңыз туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз. Сіздің берген фактілерді бағалаудан кейін, біз сіздің дербес деректеріңізді өңдеуді не тоқтатамыз, немесе өңдеуді жалғастыруға сізге дәлелді заңды негізді ұсынамыз.

 

Біз уақыт өте келе, сіздің дербес деректеріңізді біздің қалай қолданатынымыз туралы кез келген өзгерісті көрсету үшін немесе заңнамадағы өзгертулерді көрсету үшін осы құпиялық саясатын жаңарту және өзгерту құқығын өзімізге қалдырамыз. Кез келген өзгерістер орын алған жағдайда біз өз веб-сайтымызда өзгертілген құпиялық саясатын жариялайтын боламыз.

Егер сіздің осы құпиялық саясатын сақтауға қатысты қайсыбір сұрақтарыңыз немесе шағымыңыз болса, немесе егер сіз жоғарыда сипатталып өткен өз құқығыңызды қолданғыңыз келсе, бізбен келесі жолмен байланысуыңызды сұраймыз:

Franke-дің тиісті жарияланымның шығыс деректері осы жерде қолжетімді.

Назарына: Деректерді қорғау мәселесі жөніндегі үйлестіруші

 

немесе электронды пошта бойынша: placeholder_imprint_email

 

МАМЫР 2018 ж.